Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

МАҢЫЗДЫ! 3 миллион теңге кімдерге төленетіні белгілі болды

«Ауылдық елдімекендерге жұмысқа барған дәрігерлерге 3 миллион теңге көтермеақы төленеді» деп хабарлайды Atr.kz

Ауылға жұмысқа барған дәрігерлерге төленетін көтермеақы он есе, 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін өседі. Сонымен қатар жас мамандар міндетті баспанамен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Sputnik Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға сілтеме жасап хабарлап отыр.

Министрдің айтуынша, қазір ауылдарда 14 804 дәрігер жұмыс істейді. Салынып жатқан нысандарды ескерсек, тағы 3 104 медицина қызметкерін тарту қажет болады.

«Ауылдарда денсаулық сақтау саласын кадрлармен қамтамасыз ету үшін өңірлермен бірлесіп мынадай шараларды қарастырдық: көтерме жәрдемақысын 100-ден 1000 АЕК-ке (291 700 теңгеден 2 917 000 теңгеге) дейін өсіру; ауылға жұмысқа келген мамандарды міндетті түрде баспанамен қамту; жалақыны 2023 жылы экономикадағы орташа жалақыға, 2,5 есеге дейін кезең-кезеңмен ұлғайту», — деді Цой үкімет отырысында.

Нәтижесінде ауылдар 2023 жылға қарай жалпы практикадағы дәрігерлермен және салалық мамандармен 100% қамтамасыз етіледі.

Еске сала кетелік, елімізде көтерме жәрдемақысын 291 700 теңгеден 2 917 000 теңгеге дейін өсіру, ауылға жұмысқа келген мамандарды міндетті түрде баспанамен қамту, жалақыны кезең-кезеңмен ұлғайту жоспарланып отыр.

1604550297826 750x536 1

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button