Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

МӘМС: «Облыстық балалар ауруханасында бір жылда төрт мыңға тарта ота жасалды»

Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жүзеге асқанына 3 жылға жуықтады. Ресми мәліметке сүйенсек, содан бері денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2 есеге өсіпті. Қазірдің өзінде МӘМС жүйесінің игілігін көріп, тиімділігіне көз жеткіз­ген жандар көп. Өйткені қым­бат ме­ди­циналық технологиялар­ға деген қол­жетімділіктің артқанын кө­ріп отырмыз. Десек те, реформа жұртшылық тарапынан қызу талқыға түсіп, әрқилы ойлар айтылып жүр. Осы орайда біздер медициналық сақтандыру қорына қатысты пікірін білу үшін жоғары санатты дәрігер, Атырау облыстық балалар ауруханасының директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Нұрғабыл Әбуұлы Айтмұханбетовпен сұхбаттасқан едік.

ajtmuhanbetov 1

– Құрметті Нұрғабыл Әбуұлы, жалпы оқырманға түсінікті болуы үшін өзіңіз басқарып отырған Атырау облыстық балалар ауруханасында қандай медициналық қызметтер көрсетеді соған қысқаша тоқталып өтсеңіз?

Атырау облыстық балалар ауруханасының іргетасы 1974 жылы қаланған. Ауруханамыз облыс деңгейінде 18-жасқа дейінгі балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсететін жалғыз мекеме болып табылады. Сонымен қатар, реабилитациялық және паллиативті көмек көрсетіледі. Негізгі мақсатымыз: облыс деңгейінде 18 жасқа дейінгі балаларға заманауи дәлелді медицинаға негізделген шұғыл, жоспарлы және консультативті-диагностикалық көмек көрсету.

– Нұрғабыл Әбуұлы өзіңіз басқарып отырған облыстық балалар ауруханасында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің (МӘМС) арқасында қымбат ем алып немесе  күрделі оталар жасатуға қол жеткізіп жатқан пациенттер туралы ақпараттар бере аласыз ба?

Тәуліктік стационарда емделген пациенттердің саны жылдан жылға орташа есеппен 10-15%-ға жоғарылауда. Оның ішінде 60%-ы шұғыл түрде түскен болса, қалған 40%-ы жоспарлы түрде қабылданған пациенттер. Ота жасалынатын негізгі 3 бөлімшеміз бар. Олар: травматология, хирургия және оториноларингология. Жалпы алғанда ағымдағы жылдың 11 ай қорытындысымен 3480 ота жасалынды. Оның ішінде 1933 (55%) шұғыл түрде жасалынған. Елімізде МӘМС жүйесі енгізілгеннен бері 18 жасқа дейінгі балалар туу туралы куә­лі­­гі табысталған, яғни жеке сәй­­кестендіру нөмірі (ЖСН) бе­ріл­ген уақыттан бастап «сақ­тан­дырылған» болып саналады. Сол себептен де оларға МӘМС тізіміне кіретін барлық медициналық қызмет тегін көрсетіледі.

– Атырау облыстық балалар ауруханасында 2023 жылы жасалып жатқан Жоғары технологиялық оталарға тоқталсаңыз?

Ауруханамыздың дәрігерлері жүйелі түрде алыс және жақын шетел мемлекеттерінің медициналық клиникаларында тәжірибе алып, жаңа жоғары технологиялық оталарды облыс деңгейінде жасауды енгізуде. Мысал ретінде, Түркия еліндегі оқу нәтижесінде оториноларингологиялық отаның жаңа түрлері: Тимпанопластика 1-2 түрлері, Дабыл жарғағын шунттау және санациялау, эндоскопиялық септопластика, эндоскопиялық риносептопластика, FESS – функциональды эндоскопиялық ринохирургия оталары

    Сонымен қатар, жол-көлік оқиғалары, оқыс жағдайлар кезінде алынған жарақаттарда шұғыл түрде жасалынатын нейрохирургиялық оталар біздің аурухана деңгейінде жасалынады. Нейрохирург дәрігеріміз Арипов Ш.Р. 2022 жылы Германия елінде білімін жетілдіріп келді.

Барлық хирургиялық бөлімшелерде жүйелі түрде жоспармен атақты хирургтардың қатысуымен мастер-класстар ұйымдастырылып, өткізіледі. Сәйкесінше, дәрігерлердің білім жетілдіру үрдісі даму үстінде.

– Өзіңіз Денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан дәрігер, әрі мықты сарапшы маман ретінде елімізде жүзеге асырылып жатқан МӘМС жүйесі туралы өз ойыңызды білсек?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің медициналық қызметтерді тұтынушы және ұсынушы тараптардан шағым тудырушы мәселелері бар болғанымен, әлі де даму үрдісіндегі, өзіндік ұлттық концепциясы бар жүйе деп есептеймін.

Жоғарыда атап өткендей, жылдан жылға стационарлық қызметті қажет етуші пациенттердің саны көбеюде, алайда медициналық мекемеге түсетін табыстар кететін шығыстарымызды жаба алмай жататын жағдайларымыз бар. Бүгінгі күнге дейін та­рифтік саясат бекітілмеген, тариф бел­гілеу тиімділігін бағалау өз деңгейінде жүргізілмей келеді, ста­ционарлық көмекке ақы төлеу жүйесі өзінің құрылымы бойынша қарабайыр күйін­де қалып отыр. Бұл мәселелерді қатаң бақылауға алу керек. Болашақта осы мәселелер өзінің оң шешімдерін табады деп сенемін. 

Ал, жалпы қарапайым сақтандырылған халық үшін МӘМС жүйесінің артықшылықтарының бірі ол  науқастардың денсаулығы күрт нашарланған уақытта  ауруханаға тегін жүгініп, тегін емін ала алатындығы.

Сұхбаттасқан Нұргүл Насыр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button