Жарнама
Жаңалықтар

МӘМС: Атырауда сақтандырылмаған азаматтар саны қанша?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қолданысқа енгізілгеніне қарамастан, мәселе төңірегінде әлі де болса толық шешімін таппаған түйткілдер жетерлік. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен жүйенің облыста енгізілуі бойынша өңірлік штабтың кезекті  отырысы өтті, — деп хабарлайды atr.kz

Жаңа жүйенің қолданысқа енгеніне қарамастан, әлі күнге дейін сақтандырылмаған азаматтар ел арасында. Республика бойынша сақтандырылмаған азаматтардың саны 18 пайыз болса, Атырау облысы бойынша 13,6 пайызды құрап отыр. Жалпы республикамыздағы облыстар арасында сақтандырылмаған азаматтар санының ең азы Атырау өңірінде.

hamenova

Десек те, қордаланған мәселе жетерлік. Шағын және орта бизнес субьектілеріне қатысты және құны жоғары медициналық қызмет түрлерін халықтың кедергісіз пайдалануына байланысты проблемалар орын алып отыр. Олқылықтардың орнын толтыру, жүйелі жұмыс жүргізу, халыққа қолжетімді медициналық қызмет ұсыну талаптарын күн тәртібіне қойған жиын төрағасы Бақытгүл Қайыржанқызы адам саулығының маңызды мәселе екенін айрықша атап, бірлесе жұмыс жасау бағытында тиісті тапсырмаларды жүктеді.

Мәселеге қатысты мақаланың толық мәтінін «Атырау» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button