Жарнама
ЖаңалықтарСарапTimeЭкономикаҚұқық

МАЛ ҰРЛЫҒЫ: Бауыздалған сиыр буаз екен…

– Масқара!.. Ауылдың іргесінде малдың терісі мен ішек-қарыны шашылып жатыр.

– О, тоба! Етін тұтастай алып кеткен бе?

– Құлағын кесіп, лақтыра салыпты…

– Ең обалын айтсаңызшы! Бауыздалған сиыр буаз екен…

  • Бұл диалогтан бүгінгі «Сарап time»-ның тақырыбын өзіңіз де бағамдаған боларсыз. Мал ұрлап, «оңай олжаға баттым» деген барымташылардың бүгінгі сұмдық әрекеті осындай. Бейнежазбалардың бірінен ірі қараның бір аяғын кесіп алып, қалған бөлігін далаға лақтырып кеткен арам пиғылды да көз көрді. Барымташылардың өзгенің малын ұрлап әкеткені аздай, адам жанын түршіктіретін мұндай озбырлыққа баруына не себеп? Мал ұрлығына қайтсек тосқауыл қоямыз? Бүгінгі заңнама жәбірленушінің құқығын қорғай ма? Біз осы сауалдарға жауап іздедік.

«Ұры алыстан келмейді»

О б л ы с т ы қ п о л и ц и я департаментінің мәліметіне сүйенсек, қылмыстың бұл түріне қатысты жасалып жатқан жұмыс аз емес. Алайда, мал ұрлығы артпаса, кемімей тұр. Жыл сайын республика көлемінде «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді. Десек те, аталған акцияның қылмысты жасауға қатысы барларды анықтап, оны жауапкершілікке тартуда тиімділігі болмай тұр.

– Биылғы іс-шара барысында бұрын жасалған және өткен жылдардағы қылмыстарды ашу бағытында 3 қылмыстық іс бойынша күдіктілер анықталды. Бәрі де Жылыой ауданынан, — деді облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Облыстың бас полицейінің айтуынша, Қосшағыл кентінің 4-ші ауылындағы бір үйден 2 қой ұрланған. Жаңа Қаратон к е н т і н д е г і № 1 2 1 ү й д і ң қорасынан 4, Қосшағыл селосы, 36-2 үйдің 3 қойы қолды болыпты. Түскен шағымның негізінде жан-жақты тексеру жүргізгенде ұрының алыстан келмегені анықталған. Күдікті – Жылыой ауданы Тұрғызба селосының 1980 жылы туған тұрғыны. Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, «Мал ұрысы» іс-шарасы кезінде мал сою және ет өнімдерін өткізу орындарын тексеру, үлкендікішілі елді мекендердегі ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу дәйегі бойынша 24 құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік хаттама толтырылған. Бір рет в е т е р и н а р и я л ы қ з а ң н а м а бұзылып, құқық бұзушыға 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Ашылған ұрлық аз ба екен?

Жыл басынан бері облыста 64 мал ұрлығы тіркелді. Былтыр осы кезеңде 67 дерек орын алған. Барымташылық былтырғымен салыстырғанда 4,5 пайызға төмендегенімен, бұл көңіл көншітпей тұр. Қ.Үмбетқалиевтің айтуынша, 64 ұрлықтың 28-і қора-жайлардан ұрланғаны анық. Бұрын жауапкершіліктен қашқан ұрылар жәбірленушімен ымыраға келген соң, істі қ ы с қ а рту ғ а ту р а ке л е т і н . С ө й т і п , б а р ы м т а ш ы л а р кәсібін жалғастыра беруші еді. Былтыр Қылмыстық Кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, мал ұрлығына қатысты жауапкершілік қатаңдатылды.

– Қазір мал ұрлығы орта дәрежеден ауыр қылмыс санатына ауыстырылды. Енді қылмыс дәлелденсе, ұры бес жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан а й ы р ы л а д ы . Б ы л т ы р 3 0 барымтаның беті ашылды. Алайда, 24 іс жәбірленуші мен күдіктілердің татуласуына байланысты тоқтатылды. Қалған 6-уы сотқа жолданған. Ал, Қылмыстық Кодекске енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, 23 мал ұрлығы ашылды. Оның 19-ы айыптаумен сотқа жолданды. Қалғаны татуласу негізінде тоқтатылды, — деді бас полицей.

Бақпаса мал кетеді…

Мамандардың айтуынша, облыстағы малдың саны миллионға жуық. Оның басым бөлігі – Қызылқоға, Құрманғазы және Жылыойда. Сол себепті аталған аудандарда мал ұрлығы кең етек алған. Ұрлық соғым маусымында әдеттегіден де көбейеді. Оны тәртіп сақшылары да жасырмайды. Ақ-адал малын ұры-қарының қолды етуі мал иесіне әрине, оңай емес.

Алайда, полицейлер мұның себеп-салдарына басты айыпты тұрғындардың өздері деп отыр. Мәселен, Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мал ұрлығына талдау жасағанда, қылмыстың 90 пайызын иелерінің малды қадағалаусыз жіберетінімен тікелей байланыстырды. Ал, жайылымнан жоғалған мал – қылмыскерлер үшін оңай олжа. Сондықтан, сала мамандары аудан тұрғындарына малды көзден таса етпеуді, жайылымда түнемелге қалмауын қатаң қадағалауды ескертеді. Осыған орай облыс аумағында енгізілген төрт түлікті жаюдың жаңа қағидалары жуырда облыстық Мәслихатта бекітілген. Алайда, оның кейбір тұсына келіспейтін ауыл тұрғындары да бар.

Азғырлықтардың алаңы

Қ ұ р м а н ғ а з ы ауд а н д ы қ мәслихатының депутаты Мансұр Қуанышәлиев редакцияға хабарласып, проблемаға қатысты пікірін ашық айтты. – Ауданда негізінен үш округ бар: Асан, Азғыр, Сүйіндік. Халқы тек қана мал бағып, күнелтіп отыр. Мұнда мал жиі ұрланады, бірақ көбінесе қылмыс жабулы күйінде қалып, барымташылар таптырмай кетеді. Ал, полицияның қолына түскендері жәбірленушімен өзара келісімге келіп, істі сотқа жеткізбей тастайды. Яғни, барымташылар жай ғана адам емес. Олар – қалталылар.

Жәбір көрген жандарға шығынның құнын өтеп береді де, нотариалды келісім жасап, шағымын қайтартып алады. Бұған жол берілмес үшін былтыр Қылмыстық Кодекс қатаңдатылды. Алайда, жуырда облыстық Мәслихаттың арнайы үй жануарларын ұстау ережесіне өзгеріс енгізіп, малды өріске айдау, кері айдап келуде бақташы болуы қажеттігін міндеттепті. Яғни, мал міндетті түрде бағылуы керек. Егер өрістегі иесіз мал жоғалып, оның иесі арызданса,

Әкімшілік Кодекске сәйкес, өзі жауапқа тартылады да, айыппұл төлейді. Шикілігі көп бұл ереже мал ұрлығына тосқауыл емес, керісінше барымташылардың қылмыстық әрекетіне жол ашу беру деп білемін, — деген М.Қуанышәлиев ойын әрі қарай былайша сабақтады. Оның уәжі мал баққан қазақтың көңіліне қонымды да.

— Ықылым заманнан бері түйе мен жылқы бағылмайды. Олар – ұзын сирақты мал, өріске өзі кетіп, өзі келеді. Көктемде сауын сиырдан басқасы алыс жайылымға шығады. Малды иесі өзі бағуы қажет болса, ірі қарадан сиырды бақташыға бақтыруға болады. Бірақ, ережеге мұны арнайы жазу керек. Қой мен сиыр бағуды ұйымдастыруды жергілікті әкімдерге жүктелсін деп міндеттеген жөн. Бұрын екі адам кезекпен сиыр бағып, мал иелері бақташыға әр басқа ақша төлейтін. Осы әдісті қазір де енгізуге болады. Егер бақташыға қоспаған мал жоғалса, онда иесінің обалы өзіне. Бірақ, бұл жылқы мен түйеге қатысты болмауы керек. Өйткені, таулы өңірлерде ірі қараны бағуға болады. Онда арнайы жемшөп базасы жасақталады. Ал, батыс өңірде жыл он екі ай Нарын құмын жайлады.

Жылқы жазда құлынын ертіп, қорасына келеді. Тұрғындар түлігін сол кезде түгендеп алады. Бұл жағдайда түйесі немесе жылқысы жоғалған адам полицияға шағымданса, мына ережеге сәйкес, өзіне айыппұл салады. Сондықтан, мал иесі қанша малы жоғалса да жұмған аузын ашпай отыра беретіні анық. Бұдан қылмыс үдей түспей ме? Сондықтан, бұл құмды өңірдің халқына өте қиындық туғызады. Аудандағы төрт түліктің тең жартысынан астамын құрайтын Азғырдағы мал. Демек бұл оларға тиімді емес. Мұны аудандық мәслихаттың алдағы сессиясында әдейі қозғаймын. Проблеманы зерделеп, ережеге қайтадан өзгеріс енгізген жөн, — деді М.Қуанышәлиев.

Қылмыскер неге құрықталмайды?

Мал ұрлауға әбден әккі болған қылмыстық топтар бар, ол – шындық. Олар неге құрықталмайды? Облыстық п ол и ц и я д е п а рт а м е н т і н і ң баспасөз қызметі мұның себебін түсіндіріп, жан-жақты жұмыстар барын алға тартты.

– Полицейлер мал ұрлығымен а й н а л ы с қ а н 2 а д а м д ы қ қылмыстық топты және тағы 3 күдіктіні ұстады. Олардың 7 эпизодты қылмыстары дәлелденген. Заңды иелеріне қолды болған 13 бас (2 жылқы, 1 түйе, 10 түлігін сол кезде түгендеп алады. Бұл жағдайда түйесі немесе жылқысы жоғалған адам полицияға шағымданса, мына ережеге сәйкес, өзіне айыппұл салады. Сондықтан, мал иесі қанша малы жоғалса да жұмған аузын ашпай отыра беретіні анық. Бұдан қылмыс үдей түспей ме? Сондықтан, бұл құмды өңірдің халқына өте қиындық туғызады. Аудандағы төрт түліктің тең қой) мал қайтарылды.

Мал ұрлығының алдын алу бойынша тұрғындар арасындағы түсіндіру жұмыстарынан басқа (қараусыз мал жаю, бақташыларды тарту, т.б.), учаскелік инспекторлар шаруа қожалықтары мен жеке тұлғалардың әлеуметтік желілердегі топт ары мен чаттарға қосылды. Мал жоғалған жағдайда, тікелей жедел ақпарат алмасып, жоғалған малдың тез табылуына ықпал етеді. Ветеринария басқармасымен мал ұрлығына қарсы іс-қимыл бойынша Меморандум қабылданып, соның негізінде облыста ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алуды жүргізетін арнайы жұмыс тобы құрылды. Облыстық және республикалық маңыздағы тасжолдарда мал және ет өнімдерін тасымалдауды полиция қызметкерлері бақылауға алған, — деді департаменттің баспасөз қызметінің өкілі Гүлнәзира Мұхтарова.

Ж ы л б а с ы н а н а у ы л шаруашылығы басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, т и і с т і қ ұ ж ат т а р с ы з ж ә н е с а н и т а р л ы қ н о р м а л а р д ы сақтамай мал тасыған 104 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өкінішке орай, малдың ұрлануына көп жағдайда қараусыз жүруі себеп болған. Мұндай ұқыпсыздығы үшін мал иелері әкімшілік жауапкершіліктен жалтара алмайды. Тиісті заңдылыққа сәйкес, 3 күннің ішінде аймақта 44 адам жауапкершілікке тартылған.

Айтпақшы, Жылыойда болған жантүршігерлік қылмыстың жайжапсары да оқырманның есінен кете қойған жоқ. «Боздақ» шаруа қожалығы иесінің өлімі де осы барымташылардың әрекетінен болуы әбден мүмкін. Бірақ, сот бұл іске қатысты әлі күнге дейін түбегейлі шешім шығармапты.

Бізге мәлім мәліметтерге қарағанда, бұған дейін аталған қожалықтың сегіз байталы жоғалып кетіпті. Әрине, бәрі бір уақытта емес. Ақ-адал малының ұ ш т ы — к ү й л і жо ғ а л ғ а н ы н а қынжылған шаруашылық иесі бір адамнан сезіктеніп жүріпті. Ө й т ке н і , ауд а н б о й ы н ш а жоғалған жылқы мен түйе де, оны жоғалтқан шаруашылық та өте көп. Тіпті, ел арасында белгісіз топтардың мал ұрлығын кәсіпке айналдырып алғандығы туралы әңгіме де желдей есіп тұр. Алайда, «ұсталмаған ұры емес». Малын іздеп шығып, қапыда қаза тапқан кәсіпкер де сондай әккі барымташылардың құрбаны болды ма, кім білсін?! Бұл – ел арасындағы әңгіме. Десек те, облыстық полиция департаменті тарапынан мал ұрлығына қатысты жалтарма жауап түрлі күмәнді ойларды туындататыны сөзсіз.

Бұған дейін мал ұрлығымен күресу үшін тәртіп сақшылары шаруаларға малға чип енгізу жөнінде ұсыныс білдірген. Сол арқылы жоғалған не көзден таса болған малды тез табуға мүмкіндік бар. Облыста бұл әдісті жүзеге асырып отырған шаруа қожалығы да бар. Алайда, тың тәсіл заманға сай келгенмен, мал иесінің қалтасын қағады. Ендеше, азын-аулақ малмен күнелтіп отырғандар үшін барымташының құрығынан құтылудың жолы қандай? Бұған сіз не дейсіз, қадірлі оқырман?

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

  • Өткен аптада Қазақстанда 251 мал ұрлығы анықталып, 229 адам ұсталды. Рейд кезінде 5 500 шаруа қожалығы мен мал бағу нүктесі бақыланған. 6 мыңға жуық автокөлік тексеріліп, ветеринария саласында 510 құқық бұзушылық анықталды. Оларға тағылған негізгі айып – мал және ет өнімдерін тасымалдап, сатуға қажетті құжаттар болмаған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button