Мал сою орындары мен ет дүкендеріне қатаң бақылау жүргізілуде
Атырау қаласында сібір жарасы ауруының тіркелуіне байланысты Жылыой ауданында сақтық шаралары күшейтілді. Жылыой аудандық мәслихатының депутаты Б.Құлбаев, аудан әкімдігі, ветеринария және денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері Құлсары қаласындағы мал сою орындары мен ет дүкендеріне зерделеу және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аудан әкімдігінің хабарлауынша, зерттеу барысында мал сою орындары мен ішкі сауда нысандарының санитарлық талаптарға сәйкестігі тексеріліп, аурудың алдын алу бойынша қажетті ақпараттар берілді.
Аудандық ветеринариялық инспекцияның өкілдері мал сою орындары мен ет дүкендері қатаң бақылауға алынғанын айтты. Мамандардың сөзінше, мұнда күнделікті мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Қазір Құлсары қаласында сібір жарасы ауруы анықталған жоқ. Сала өкілдері аудан тұрғындарын ветеринариялық талаптарға сәйкес келмейтін ет өнімдерін тұтынбауға шақырып, күмәнді жағдайлар туындаған жағдайда тиісті органдарға жүгінуге кеңес береді.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ