Жарнама
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Мал өсіруге мүмкіндік мол

Махамбет ауданында 1863 шағын және орта бизнес субьектісі бар. Оның 482-сі ауылшаруашылық және қалғаны түрлі қызмет көрсетеді.

DSC04837

Былтыр ғана 96 жобаға 628 миллион теңге қаржы бөлінген. Кәсіпкерлердің күшімен аудан мен облыс орталығы бағытында автобус желісі іске қосылуда. Мұнда несие алушылар қатары да облыс бойынша оқ бойы озып тұр. Салалық «Сыбаға» бағдарламасы аясында сырттан 4 пайыз жеңілдікпен аналық ірі қара және 6 пайызбен ұсақ малды несиеге алып жатқандар көп. Кәсіпкер Бержан Арыстанғалиев қазір кәсіпкерлер үшін несиені өтеу мен салық төлеуден басқа қиындық жоқ екенін айтады. Ал, «Алтын жүрек» сыйлығының иегері Бағытжан Габдуллин 1996 жылдан бері бизнеспен айналысып келеді. Оның айтуынша, Елбасы жүргізіп отырған сарабдал саясаттың арқасында кәсіпкерлер зор қолдауға ие болуда.

Бүгінде аудан кәсіпкерлері жылыжайда лимон мен анар секілді цитрустық жемістер өсіруді қолға алып отыр. Айтуларынша, енді тек жер аумақтары ұлғайтылса, қалғаны қиын емес. Сондай-ақ, былтырдан бастап «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы арқылы оқушыларды тігіншілікке баулитын цех пен инновациялық кондитерлік құрылғы жобалары жүзеге асырылуда.

Аман ШАМАР.

Махамбет ауданы.

Сурет автордікі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button