Мал іздеймін деп жоғалып кеткен азамат табылды (+ФОТО)

IMG 4209 Жаңалықтар

Индер ауданының тұрғыны із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 22 қаңтар күні түскі мезгілде тіркелген болатын. Бүгін жоғалған тұрғын табылып, екі тәулік бойы қырлықта адасып жүргені белгілі болды.  

IMG_4199

IMG_4191

Айта кетейік, 1957 жылы туылған азамат Жарсуат ауылынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан «Қуат» участогінен сағат 14:00 шамасында «Уаз» автокөлігімен шығып кеткен еді. Тұрғынның із-түзсіз жоғалғандығы туралы шағым бастапқыда Жарсуат ауылының әкімдігіне түскен.

Кеше, яғни, 23 қаңтарда іздестіру шаралары басталды. Оған Жарсуат ауылдық  округі әкімдігінен  екі бірлік «МТЗ-80» тракторы мен екі «Нива» көлігі бөлінді. Іздестіру жұмыстарына 11 адам жұмылдырылды. Кейін қатты желге байланысты іздестіру шаралары уақытша  тоқтатылған. Ал, бүгін таңғы сағат 9.00 шамасында іздеу шаралары қайта жалғасты.

IMG_4200

IMG_4209

– Төтенше жағдайлар департаментінен 5 жұмысшы мен бір техника, аудандық полиция бөлімшесінен 4 жұмысшы мен бір техника, жергілікті атқарушы органнан 7 адам мен 3 техника бірлігі, «Казавиаспас» акционерлік қоғамының «МИ-8МТВ UP-MI844» тікұшағы (4 экипаж мүшесімен) және басқалары жұмылдырылды. Ақыры, тұрғын 14.36 сағат уақытта Жарсуат ауылынан 70 шақырым жерден табылды. Жағдайы қалыпты, медициналық көмекті қажет етпейді, – дейді Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мамандары.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз