Жарнама
Жаңалықтар

Махамбеттің Сарытоғай ауылында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді

Ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов қатысып, нысанды халық игілігіне табыстады, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Екі мыңнан аса тұрғыны бар Сарытоғай ауылы үшін мәдениет үйі шығармашылық бастамалардың қайнар көзіне айналмақ. Онда 200 орындық көрме залы, заманауи аудио-видео жүйелерімен жабдықталған кәсіби сахна, мәдени шараларға қажетті техникалық мүмкіндіктің бәрі бар.

–Нысанның құрылысы ұзаққа созылғанымен бүгінде жаңа мәдениет үйі есігін айқара ашып, халық игілігіне қызмет етуге дайын. Ескі мәдениет үйі өткен ғасырда салынған, сол себепті жаңа ғимарат ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш. Екіқабатты мекеме қажетті деген барлық құрал-жабдықпен толықтырылды. Осындағы түрлі өнер үйірмелерінен жас таланттар шықса деген тілектеміз, — деді Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

Зейнеткер ұстаз Орын Тасимованың айтуынша, бұл нысанның ашылуы көп күткен сәт:
— Тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған, мерекелерде мәдени кештермен рухани дүниемізді байытамыз. Жастарға үлкен кітапхана мен оқу залы, түрлі үйірме бар. Бұның бәрі — зор мүмкіндік,- деді ол.

Бүгінде Махамбет ауданында 11 мәдениет үйі, бір ауылдық клуб және 12 кітапхана халыққа қызмет көрсетуде. Былтыр 500-ден астам мәдени іс-шара өтті. Сонымен қатар ауданда 1300 жас дарын 80 шақты үйірмеге қатысып, өз қабілеттерін шыңдауда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button