Махамбетте жаңа автобус жолға шықты

1958de79 49a1 46f3 b095 dd2f2b74d3c8 Жаңалықтар

Наурыз айының алғашқы күнінен бастап Махамбет ауданының Бейбарыс ауылы мен облыс орталығы аралығына қатынайтын жаңа автобус жолға шықты.

Ауылдық округ əкімі аппаратының бас маманы Сəлимаш Өтеғалиеваның айтуынша, бұл біраздан бері көтеріліп келе жатқан тұрғындардың тілегі көрінеді. Айрықшалап айтарлық жайт, бейбарыстықтардың көптен күткен тілегі Алғыс айту күнінде орындалып, жұртшылықтың ризашылығын туғызды.

Білгеніміздей, жол ақысы 400 теңге көлемінде белгіленген. Автобус таңертеңгі сағат 8.00-де ауылдан шығып, кешкі 18.00-де қаладан кері қайтады. Алдағы уақытта сұранысқа немесе қажеттілігіне қарай қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Айтпақшы, көлікті екі жүргізуші 15 күннен кезектесіп жүргізеді.

Дəулетқали АРУЕВ,

Махамбет ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз