
Жаңалықтар
Махамбетте 100-ші адам өз таңдауын жасады
№232 сайлау учаскесінде 1,5 сағатта 100 адам дауыс беріп үлгерді.
Жалпы ауылдық округ бойынша 1531 дауыс беруші тіркелген. 100 ші болып келген ауыл тұрғыны Нәсіпқали Габдуллин: “Сайлауға қатысып, өз таңдауын жасау әр адамның азаматтық борышы”,-дейді.
Сәтті санға дөп түскен сайлаушыға естелік сыйлық табысталды.