Жаңалықтар

«Махамбет-Сарытоғай»: тас жолдағы бақылау күшейді

Атырау облысы Махамбет ауданында қарқыны күшті өр суы екі ауылға қауіп төндіргендіктен, аудандық төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы «Махамбет – Сарытоғай» ауылдарын байланыстырып отырған жолды жыру туралы шешім қабылдаған болатын. Қазір тас жол бойының екі жағына қорғаныс бөгеттері салынып, үстіне ұзындығы 12 метрлік плита қойылды. Бұл туралы облыстың төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.

Жаяу жүргіншілер және жеңіл автокөліктердің қозғалысын полицейлер бақылауда.

-Өр суы осы жол жырығы арқылы сай-салаға кетіп жатыр.  Қазір аудан бойынша 27 кезекшілік бекеті бар. Кезекшілікке төтенше жағдай мамандары, сарбаздар, мемлекеттік қызметкерлер және тұрғындар жұмылуда, – деді ауданның ТЖ жөніндегі жедел штабының координаторы Алшынбек  Мұханғалиев.

Айта кету керек, Сарытоғай ауылынан шығатын орташа және ауыр жүк көліктері “Сейтек” шайханасы жанындағы айналма жолды қолдана алады.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button