Жарнама
Жаңалықтар

Махамбет Досмұхамбетов праймеризге қатысушылардың жария пікірсайысын көрді

Бүгін  «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов праймериздің келесі кезеңі — жария пікірсайысқа қатысушылардың кезекті бәсекесін арнайы барып  көрді. 

«Ел ішінде қызығушылық туғызған праймериз — Партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы негізінде өткізіліп жатыр. Ол былтыр 17 тамыз күні «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты тақырыппен өткен партияның кеңейтілген Саяси кеңес отырысынан бастау алады. Сол алқалы жиында Елбасы «Нұр Отан» жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы аясында партияны заманға сай түлетуді тапсырған болатын», — деді облыс басшысы Махамбет Досмұхамбетов. 

7f843037 a658 4944 81c8 6615163ae122

Сондай-ақ ол праймериздің негізгі мақсаты – партияішілік сайлау арқылы өндіріп іс жасай алатын, ел мәселесіне жетік көшбасшыларды іріктеу екеніне тоқталды. «Атап айтқанда, «Мықты лидерлер — Мықты партия» қағидаты бойынша партия қатарын жаңа көшбасшылармен толықтыру. Сондай-ақ белсенді және бастамашыл азаматтар үшін «әлеуметтік лифт» құрды», — деген ол Атырау облысы бойынша праймеризге — 408 адам ұсынылып, оның 404-і кандидат ретінде тіркелгенін атап өтті. 

Облыс бойынша 39 жария пікірсайыс өтетін орындар дайындалды. Дебатқа қатысатын кандидаттарға жеребе ұйымдастырылып, 70 пікірсайыс өткізу кестесі бекітілген болатын. Сонымен қатар, шара өтетін ғимараттардың материалдық-техникалық жабдықтарын қамтамасыз ету жұмыстары жасалып, санитарлық талаптарға мұқият сақталуда.  

«Қазіргі таңда облыс, қала және аудандық партия филиалдарының сайлауалды бағдарламаларының жобалары бар. Сонымен қатар, үміткерлердің партия мүшелерімен кездесулері барысында ұсыныстары мен арман-тілектері  жинақталды. Олар да бағдарлама жобаларына енгізіледі. Үміткерлердің де ел артқан үмітке сай боларына сенемін. Олар облыс тұрғындарын толғандыратын өзекті және маңызды мәселелерді көтеріп, барынша нақты шешу жолдарын ұсынуда»,-деген  Махамбет Досмұхамбетов әр кандидаттың сайлауалды бағдарламалары партия платформасына, Президент Жолдауына және партияның облыстық бөлімшесінің сайлауалды бағдарламасына негізделгеніне тоқталды. 

 Бүгін жария пікірсайысқа қатысқан 6 үміткер праймериз талаптарына сай өз бағдарламаларымен таныстырып, өңірдің проблемаларын көтеріп, бір-бірлеріне сұрақтарын қойды. 

Бүгінге дейін облыс бойынша 53 пікірсайыс өтіп, оған 310 кандидат қатысты. Ал 30-шы қыркүйекке дейін тағы 17 пікірсайыс өткізіледі. 

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button