Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Махамбет Досмұхамбетов Мақаттағы жұмыспен қамту деңгейін көбейтуді тапсырды

2019 жылмен салыстырғанда, Мақат ауданында жұмысқа орналастырылған адамдар саны азайып кеткен.

«Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Мақат ауданы әкімінің есеп беру жиналысында айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«2019 жылы 1602 адам жұмысқа орналасқан болса, 2020 жылы
еңбекпен қамтылғандар саны
1552 адам.

Шынтуайтына келгенде,
жергілікті атқарушы органның жұмыс көрсеткіші — тұрғындарды жұмыспен қамту индикаторымен өлшенеді. Бұл жағынан алғанда, Мақатта көрсеткіш төмен.

Сондықтан, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесе отырып, облыс көлемінде орналасқан ірі және орта кәсіпорындармен тиісті меморандумдар жасақтап, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырып, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Және
нақты жұмысқа орналасқандардың саны мен жүргізілген есептің арасында кездесіп отырған айырмашылықты болдырмау керек» деді Махамбет Досмұхамбетов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button