Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Махамбет Досмұхамбетов əскери міндеттілерді құттықтап, блок пост жұмысын бақылады

Аtr.kz/7 мамыр, 2020 жыл. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов әскери міндеттілерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

«Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, арнайы жиынға шақырылған әскери міндеттілермен кездесті» деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз-қызметі.

«Отан қорғаушылар әркез абырой мен ерліктің, азаматтық пен патриотизмнің, Отанға шынайы қызмет етудің үлгісі болып келді. Қарулы күштер сапында қызмет ету — аға буынның ерлікке толы жолының негізінен бастау алған әр қазақстандықтың құрметті міндетіне, азаматтық шыңдалудың, адамгершіліктің мектебіне айналды. Барлық Отан қорғаушыларға денсаулық, сәттілік, табыс тілеймін»,— деді Махамбет Досмұхамбетов.

img 20200507 wa0087


Сондай-ақ, аймақ басшысы сын сәтте ерекше жауапкершілік танытып,  отаншылдықтың озық үлгісін көрсетіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге атсалысқандардың бірқатарын алғыс хатпен марапаттады.


Еске сала кетелік, 10 сәуір күні Атырау облысы әкімінің Қаулысымен 68 әскери міндетті арнайы жиынға шақырылған болатын. Олар медициналық персонал, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғаныс взводы және атқыштар взводына бөлінген еді. Әскери міндеттілер коронавируспен күреске атсалысуда. Атап айтқанда, блок посттарда қызмет атқарып, қала аумағында дезинфекция жұмыстарын жүргізіп, сонымен қатар, ауру ошақтары мен медициналық жабдықтарды күзетуде.


Аймақ басшысы сондай-ақ, Атырауға кіреберістегі блок посттардың біріне барып, ондағы жұмыс барысымен танысты. Карантиндік шектеулер енгізілгелі бері, блок посттар арқылы 7 мыңнан астам автотранспорт өткен. Олар — транзиттік жүк көліктері, азық — түлік пен медициналық дәрі-дәрмек аса қажетті заттарды тасымалдайтын және жедел жәрдем көліктері.

img 20200507 wa0093


Көлік ағынын бүгінде полиция өкілдері «Сергек» және «Блокпост Карантин» қосымшасы арқылы бақылауда. Карантин кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға 700-ден астам полиция және 300-ден астам әскери қызметкер жұмылдырылған. Карантин режимі енгізілген күннен бастап Атырау қаласында полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзған 1000-ға жуық деректі анықтады.

img 20200507 wa0090
img 20200507 wa0089

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button