Жарнама
Жаңалықтар

Махамбет ауылының тұрғыны есірткімен ұсталды

Атырауда полиция қызметкерлері «Қара сора»республикалық жедел іс-шарасы кезінде есірткі қылмысына күдікті Махамбет ауданының тұрғынын ұстады. 

Есірткіге қатысты құқықбұзушылық жайттары мен қылмыстардың алдын алуда аталған акцияның маңызы зор. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова осы акция кезіндегі тексеру барысында оның қалтасынан есірткі заттары табылып, алынғанын айтты. ​​​​​– Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстың кодекстің 297-бабы бойынша, яғни есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.Қылмысқа күдікті деп танылған 29 жастағы тұрғын тергеу абақтысына қамалды, — деді Г.Мұхтарова.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button