Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Махамбет ауданында ауылшаруашылығы жерлері айналымға қайта енгізіліп жатыр

Мәселен, 2018-2020 жылдары аталмыш ауданда ауылшаруашылығы мақсатындағы 15 мың га жер мемлекетке кері қайтарылған.

«Бұл туралы өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Махамбет ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы  айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Осындай кәсіпкерлік мақсаттағы игерілмей жатқан 7,5 га құрайтын 60 жер телімін кері қайтару жалғасуда. Қазіргі уақытта ауданның жер көлемі 954,5 мың га, оның 26% -ы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. Бүгінгі таңда аудан бойынша ауылшаруашылығы мақсатында 685 шаруа қожалықтары пайдаланып жатқан 250 666 га жер бар» деді спикер.

Еске сала кетелік,  Алмалы, Береке ауылдары Атырау қаласына қосылуына байланысты, 7145 га жер телімі ауданның жер қоры есебінен шығарылып, Атырау қаласы аймағына қосылды.

img 20210202 wa0052
img 20210202 wa0047

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button