Махамбет ауданында 25 орындық медициналық пункт ашылды 

img 2666 Жаңалықтар

Махамбет ауданы Еңбекшіл ауылында медициналық пункт пайдалануға берілді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Нысанның құрылысы өткен жылдың қараша айында басталған болатын. Тапсырыс беруші облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, бас мердігер «Иман» ЖШС. Ғимараттың аумағы 266,35 м2.   

Салтанатты шарада Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бисен ауыл тұрғындарын құттықтады.

– Соңғы уақытта облысымызда бiрнеше жаңа ғимараттар бой көтерді. Соның бірі, осы өздеріңiздiң елді мекенде салынған медициналық пункт. Бұл ғимарат Атырау облысы аумағын кешенді дамыту жоспарына сәйкес жүзеге асып отыр. Адамзат баласы үшін басты байлықтың бірі – денсаулық екенін жақсы білесіздер. Дені сау ұлт – мықты мемлекеттің негізі. Мұнда тек қана аурудың алдын алу үшін келіңіздер дегім келеді. Денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз аман болсын, – деді Т.Бисен.   

Медициналық пункт ғимаратында вакцинация мен емдеу бөлмелері, мейірбике және ординатор бөлмелері, акушер кабинеті, сынама алу және зерттеу, дезинфекциялық заттарды дайындауға және сақтауға арналған бөлмелер, дәріхана қарастырылған. Бөлмелердің барлығы заманауи құрылғылар мен жиһаздармен қамтылған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз