Жарнама
Жаңалықтар

Мәдениет және архив ісі қызметкерлерінің жалақысы 22% өсті

Осылайша кейінгі екі жылда 64 мыңға жуық мәдениет және архив ісі қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 45% көтерілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

«2023 жылдың қаңтарынан барлық санаттағы қызметкерлердің айлығы өскенін атап өту керек. Бұл басшылар мен жетекшілер, негізгі персоналмен қатар, еден жуушы, күзетші, вахтер секілді жұмыскерлердің де еңбекақысы көтерілді», – деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов.

Мәдениет және спорт министрлігі сала мамандарының айлығын одан әрі ұлғайтуға бастамашы болатынын мәлімдеді. Мысалы шығармашылық жоғары оқу орындарындағы концертмейстерлердің еңбекақсын көтеру жоспарланып отырғаны белгілі болды. 

Сонымен қатар «Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысы екі есеге жуық өсті. Бүгінде елімізде осы санатқа жататын 5 ұйым бар. Министрлік алдағы уақытта аталған нысандардың тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button