Жарнама
ЖаңалықтарМәдениет

Мәдениет майталмандары — марапат биігінде

Жақында Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының ұжымы өзінің төл мерекесі – Халықаралық театр күнін атап өтті. Ал бүгін Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов өңір руханиятын өрге бастырған жерлестерімізге марапат табыстады.

Өнер майталмандары — Бекет Зинуллин, Нұрбек Съезхан, Мейрамгүл Шапиева, Азиза Бисенова және Мереке Қонысова «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды.

Нариман Бахытұлы өңір мәдениетінің әлемдік деңгейде танылуына үлес қосып жүрген сала мамандарының ерен еңбегін атап өтті.

– Бұл – қызметтегі кәсібилік пен шеберліктеріңіз үшін берілген жоғары марапат! Өңіріміздің қашанда мәдениет пен өнердің қайнаған ортасы екені мәлім. Ал, театр сахнасында өмірдегі болмысымыз қаз-қалпында көрсетіледі. Сол арқылы халықты мәдени, рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде үлесін қосады, — деген облыс әкімінің орынбасары өнер ұжымының болашақта бағындыратын белестеріне сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Берік Жәменов марапатталған әртістердің тәжірибелі мамандар екенін тілге тиек етті. «Көрермен көзайымына айналған актерлердің барлығы да уақытпен санаспай бар өмірін киелі сахнаға арнаған жандар» деген басшы мұндай құрмет өнер ұжымына мақтаныш екенін айтады.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button