Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Мақат ауданына жаңа әкім тағайындалды

Атырау облысы Мақат ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-05-02 at 13.43.25 (1)

Бүгін, 2 мамырда Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ауданның бұрынғы әкімі Берікқали Сәрсенғалиевтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл лауазымға Жұмабай Қарағаевтың кандидатурасын ұсынды. Депутаттар кандидатураны бірауыздан қолдады.

Аймақ басшысы жаңа әкімнің мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі оның алдына қойылған міндеттерді орындауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

WhatsApp Image 2018-05-02 at 13.43.25

Нұрлан Ноғаев Мақат ауданының бұрынғы әкімі Берікқали Сәрсенғалиевке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, Жұмабай Қарағаев Губкин атындағы Мәскеу университетінің түлегі, техника ғылымдарының кандидаты Жұмабай Қарағаевтың мемлекеттік қызмет пен жеке секторда 19 жыл еңбек өтілі бар. Әр жылдары Атырау, Маңғыстау облыстарында жеке компанияларды басқарды. Атырау қалалық әкімдігінде ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдеріне жетекшілік еттіп, кейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Сондай-ақ, Атырау облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасын басқарды. 2017 жылдың басынан бері Атырау облыстық энергетика және ТКШ басқармасын басқарып келді.

Хорлан Смадияр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button