Жарнама
ЖаңалықтарМәдениет

Мұражайда саятшылар бас қосты

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстанның әр аймақтарынан келген құсбегілермен кездесу өтті. Кездесу кешіне Атырау облыстық Ұлттық спорт федерациясының президенті Асланбек Жанбалаев, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Ерлен Оспанов, құсбегілік өнерден мемлекеттік жаттықтырушы Күнтуған Базарбек, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері мен оқытушылары және музей қызметкерлері қатысты.  

ANU_3063

Шараның мақсаты – қазақ халқының құсбегілік дәстүрінің тарихын ұмыттырмай, болашақ ұрпаққа жеткізу.

Кездесуді мұражай директоры Рашида Харипова ашып, жиналған қауымға құсбегілік өнерінің тарихына шолу жасап жасап өтті.

ANU_3074

Содан кейін құсбегілер баулып жүрген қыран құстарының басқалардан ерекшелігін, қолға түсіру, қолға үйрету, баптау қайыры және аңға салу сияқты жұмыстарының қалай іске асатынын рет-ретімен айтып берді.

«Құсбегілік –жауынгерліктің алғашқы әліппесі»деп қазақ бекер айтпаған ғой.Оны бүркітті қолыңызға қондырып ұстап көргенде сезесіз. Себебі сәлден кейін-ақ білегіңіз талып қалады. Ал найзаның салмағы бүркіттің салмағымен бірдей

ANU_3075

деседі кәріқұлақтар. Сол себепті құсбегілікке балаларын баулу арқылы бабалар ел қорғау қамын да жадынан шығармаған»,- деді бүркітшілер.

Шара барысында ықылым заманнан бері туған халқымызбен бірге жасасып, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан ұлы дала мәдениетінің  ішіндегі құсбегілік өнердің тарихы, ата-бабамыздың ежелгі аңшылық, саятшылық дәстүрі жөнінде айтылып, құсбегілік жөнінде фильмдер көрсетілді.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button