ЖаңалықтарМәдениет
Мұнайшылар әзілдесе біледі ме? (ФОТО)
Биыл қойнауы қара алтынға толы «Ембімұнайгаз» АҚ құрылғанына 95 жыл толып отырғаны баршаға белгілі. Осы мерейлі мерекеге орай «Ұшқырлық пен ұтқырлық» атты мұнайшылар арасында командалық көңілді тапқырлар сайысы өтуде.
Осылайша, қарт Ембіден қазына терген ерен еңбек иелері қолдарындағы бұрғыны бұл күні микрафонға алмастырды. Қай топтың әзіл-қалжыңы жүйрік, кімнің ойы ұшқыр екендігін арнайы қазылар алқасы анықтайтын болады. Шараға елімізге танымал айтыскерлер Айнұр Тұрсынбаева мен Жандарбек Бұлғақов құрметті қонақ болып келді.
Айта кету керек, мұндай бағыттағы әзіл-қалжың сайысы мұнайшылардың арасында тұңғыш рет ұйымдастырылуда.
Ендеше бақ шаба ма, бап шаба ма бұл ойын барысында белгілі болмақ.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ