Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Мүмкіндік пен меже

«ЕХРО-2017» көрмесін өткізудің басты мақсаты – ел экономикасының технологиялық тұрғыда дамуына қозғау салу. Демек, дәл қазіргі таңда экономикалық қиындықтарға қарамастан, отандық кәсіпорындарға қолдау көрсетумен бірге, елімізде жасыл технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамытуда қадамдар жасалып жатыр деген сөз.

Көрменің басталуына тура 275 күн қалды. Ендеше, халықаралық маңызы зор көрменің ерекшелігі неде? Және ЕХРО көрмесінен нендей нәтижелер күтіледі? Осы мәселеге қатысты сауалдарымызға «Астана ЕХРО-2017» Ұлттық компаниясы АҚ-ның» Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті жолдаған мәліметтерді ұсынып отырмыз.

Біріншіден, ЕХРО-2017 – инфрақұрылымдық жоба. Өнеркәсіптің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етіп отырған халықаралық көрмеге дайындық барысында, 262 отандық тауар өндіруші жоба құрылысына тартылды. Жалпы сомасы 36,8 млрд. теңгеден асатын келісім-шарттар жасалды. Бір ғана, инвестициялық жобалардың есебінен қосымша 5300 жұмыс орны құрылды. Осылайша, дағдарыс кезінде отандық өнім өндірушілер мен кәсіпорындарға адреналин берген халықаралық ЕХРО көрмесіне дайындық барысында, елімізде 46 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Екіншіден, күні бүгінге дейін 96 ел және 18 халықаралық ұйым өзінің әлемдік көрмеге қатысатынын растады. Олардың ішінде Оңтүстік Корея, Жапония, Малайзия, Индонезия, Вьетнам,Үндістан мен Қытай елдері бар. Ең бастысы, бұл мемлекеттердің барлығы да технологиялық дамуда, соның ішінде жасыл энергетика саласында әлемдік көшбасшы болып табылады. Демек, халықаралық маңызды іс-шара кезінде Қазақстан үшінші технологиялық «төңкерістің» алаңы бола алады.

Үшіншіден, технологиялық жаңа мүмкіндіктермен бірге, ЕХРО көрмесі отандық туризмнің дамуына ерекше ықпал ететін болады. Мәселен, көрмені екі миллионнан астам турист тамашалайды деп күтілуде. Олардың 15%-ы шетелдіктер болады. Және Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін, салт-сана, дәстүрін дәріптейтін тарихи орындарға қызығушылық артады. Бұл – Қазақстанның ішкі туризмін жаңа сатыға көтеретін мүмкіндік.

Дайындаған:

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

 

Көрменің Қазақстанда өтуі – отандық экономикаға не береді?

— отандық кәсіпорындарды қорғау;

— жаңа жұмыс орындарын құру;

— бюджетке қосымша төлемдер;

— инвестицияларды тарту және жаңа жоғары технологиялық салаларды құру;

—  инфрақұрылымды және коммуникация-ларды дамыту;

 — туризмді ынталандыру және қызмет көрсету (сервис) саласын жетілдіру.

 

ЕХРО көрмесінің дағдарысқа қарсы әсері:

36,8 млрд. теңгеден астам сомаға шарттар жасалды;

244 млрд. теңге жалпы сомаға инвестициялық жобалар іске асырылуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button