
ЖаңалықтарҚоғам
«Мәңгілік даңқ» шеруі Атырау қаласында дәстүрлі түрде 2019 жылдың 8 мамыр күні өтеді.
Аtr.kz/6 мамыр, 2019 жыл. «Мәңгілік даңқ» шеруі Атырау қаласында дәстүрлі түрде 2019 жылдың 8 мамыр күні өтеді.
Шеру Авангард шағын ауданы Н.Тілендиев көшесінде орналасқан «ҚазМұнайГаз» мекемесінің ғимараты маңынан бастап, «Жеңіс» саябағында орналасқан «Мәңгілік алауға» дейінгі аумақта ұйымдастырылады.
Шеруге қатысушылардың жиналу уақыты сағат 10:30, басталу уақыты 11.00.
Шеруге тіркелу Нұрсая ш/а №23 үй мекен-жайы бойынша орналасқан Атырау қалалық жастар ресурстық орталында немесе zhas_center@mail.ru эл. поштасы арқылы жүзеге асырылады.