Жарнама
Жаңалықтар

МҮГЕДЕКТЕРГЕ – АРНАЙЫ АВТОБУС

— Үкіметтің жасап жатқан қамқорлығының арқасында халықтың жағдайы күннен-күнге жақсарып келеді. Алдағы уақытта қала тұрғындары үшін 14 жаңа қоғамдық көлік тапсырылмақшы. Соның ішінде, жуық арада тағы да осындай 4-5 автобус бөлінетін болады. Болашақта олардың да санын арттыру жоспарда бар, — деді өңір басшысы Б.Ізмұхамбетов.

Автобустарда арбаға таңылған мүгедек жандарға қызмет көрсету мақсатында мініп-түсуге лайықталған арнайы пандустар да бар. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Нұрлы Хабиеваның айтуынша, қазіргі таңда облыс орталығында арбаға таңылған 462 мүгедек тіркелген.

— Мүгедек жандарға қамқорлық зор, -дейді І топ мүгедегі, мүгедектер спорт клубының мылтық атудан нұсқаушысы, арбада отырып билеуден ел чемпионатының жүлдегері Руслан Айтпаев.  «Біз өзге қалаларға жиі шыққанда мүгедек жандарға жағдай жасалған осындай қоғамдық көліктерді көріп, қызығатынбыз. Енді, міне, өзіміздің қаламызда да осы игілікке қолымыз жетіп отыр», — дейді ол.

Бүгінгі күні мүгедектерге арналған кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында «Инва такси» әлеуметтік көліктер де қызмет атқаруда. Ал, жаңадан алынған бес автобус №2 және №30 бағытындағы маршруттарға шықпақ. 

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button