Жаңалықтар
Мұғалімдердің жалақысы қалай көтеріледі?
Мұғалімдердің жалақысын көтеру үш компоненттен тұрады. Бұл туралы Мәжілісте «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы» ҚР заңының жобасын таныстырған қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты.
«Біріншіден, жаңартылған мазмұндағы бағдарламамен оқытатын барлық мұғалімдердің лауазымдық жалақысына 30 пайыз мөлшерінде қосымша ақы төленбек. Екіншіден, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1, 2, 5, 7 сыныптардың мұғалімдері қосымша ақы алатын болады. Үшіншіден, педагогикалық шеберлік үшін жалақысынан 30-дан 50 пайызға дейін қосымша ақы төленеді», — деді Бақыт Сұлтанов.
Хорлан СМАДИЯР