Жарнама
Жаңалықтар

Мэриленд тұрғындары АЭС-тің тиімділігін көруде

Мэриленд штатының тұрғындары АЭС-тен қауіп күтпейді. Аймақтағы Лесби қаласында Калверт Клиффс АЭC-сы 1975 жылдан бері қалтқысыз жұмыс істеп тұр. Сондықтан жергілікті халық ядролық реакторлардың қауіпсіздігне шүбә келтірмейді.

Экономикалық тұрғыдан да тиімділігін көріп отыр. Себебі нысан іске қосыла салысымен жаңа жұмыс орындары ашылып, қаланың экономикасына қан жүгірген. Қазір шаһар қазынасына жыл сайын 22 миллион доллар кіріс түседі. Қос реактор 1 миллионнан астам тұрғынды электр қуатымен қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан жергілікті тұрғындардың да атом электр стансыларына көзқарасы оң.

Мэдди, Мэриленд тұрғыны:

-Атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану АҚШ үшін қиындық тудырған емес. Біздің қаламыздағы АЭС-тің жұмысынан қауіп төніп тұр деген сөздерді ешқашан естіген емеспін. Денсаулыққа зиян дегенді де естімедім. Бұл болашақтың қуат көзі деп толықтай айтуға болады.

Джин, Мэриленд тұрғыны:

-Осы қалада 2001 жылдан бері өмір сүремін. Менің ойымша, атом қуатын пайдаланған кезде, ең бастысы, қауіпсіздік шаралары дұрыстап сақталса болды. Басқа уайымдайтын ештеңе жоқ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button