ҰЛЫҚТАУҒА ҮН ҚОСТЫ

Кеше облыстық әкімдік алдында 500-ге жуық жастың қатысуымен Елбасын қолдау бағытындағы флеш-моб өтті. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Болашақ» және Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледждерінің студенттері қатысқан бұл шара Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсіміне арналды. 

Флеш-мобта атыраулық жастар Елбасының мемле­кетті одан әрі нығайту, әлеуметтік-эконо­ми­калық реформаларды жүргізу және Қа­зақ­станның әлем ал­дындағы бе­делін нығайту жөніндегі стра­­тегиялық жоспарын қол­дап, қуаттайтындарын қолдарындағы шағын Мемлекеттік Тумен «Қазақстан» сөзін жазу арқылы білдірді.

– Бүгінде шаһарда жастардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдайлар жасалып отыр. Барлық деңгейдегі оқу орындарында жастар саясаты оң бағытта жұмыс жасап келеді. «Болашақ», «Дипломмен –ауылға!» сынды ауқымды бағдарламалардың өміршеңдігі дәлелденді. Бұл, әрине, Ел Көшбасшысының еңбегі. Кешегі өткен сайлауға алғаш рет қатысып, дауысымды елі сенетін тұлғаға бердім. Өйткені, ертеңімді Елбасы Н.Назарбаевпен байланыстырамын. Жастар өздерінің Мемлекет басшысын, оның сарабдал саясатын қолдайды. Бұл – менің таңдауым, – дейді Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің үздік студенті Бауыржан Әділов.

Жастар патриоттық әндерге би билеп, «Егемендік», «Елбасы» деп ұрандатты. 

  Рита ӨТЕУҒАЛИ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз