ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТІ
Тәуелсіздіктің алғашқы жылында-ақ Елбасы ел тыныштығының бұзылмауы жолында тәуекелге бара білді. 1991 жылы Мемлекет басшысының шешімімен Семей полигоны жабылды. 1993 жылы Қазақстан ТМД-да алғашқы болып ядролық қаруларды таратпау жөніндегі келісім-шартқа қосылды. Сөйтіп, тыныштықты ту еткен Қазақ елі ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан әлемдегі бірінші ел болып тарихта қалды.
Енді, міне, «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі Астанада өтетіндігі де, Дүниежүзілік Сауда ұйымына мүше болуымыз да – Қазақстанның әлемдік деңгейдегі ірі табыстары. Бұл да – еліне, халқына қалтқысыз қызмет етудің таңғажайып үлгісін көрсеткен біздің Елбасымыздың, оның ерен еңбегінің айқын көрінісі.
Бұдан отыз-қырық жыл бұрын әлем картасында аты болғанымен, былайғы ел көп біле де бермейтін Қазақстан бүгінде күллі әлемді өзіне қаратты. Ерекше серпінмен өріс алған индустриялық-инновациялық іргелі жетістіктер елімізді жарқын белестерге бастап барады. Міне, мемлекет басқарудың өзіндік мектебін қалыптастыра алған, әлем қауымдастығы мойындаған кемеңгер Елбасына айналған Нұрсұлтан Әбішұлы – Еуразия кіндігінде ұлты мен ұлысы сүттей ұйыған Қазақ елінің көк байрағын көкке көтерген көсемі. Елін сүйген, елі сүйген Елбасымыздың бары – алты алаштың басына қонған бағы!