Жарнама
Жаңалықтар

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Экспедиция мүшелері алдымен Махамбет аудандық кітапханасында бас қосып, «Мәңгілік ел мұраты – ел бірлігі» тақырыбында салиқалы әңгіме өрбітті. Одан әрі Махамбет аудандық тарихи-өлкетану мұражайы мен «Хан ордалы Сарайшық» мемориалдық кешеніне «Жер тарихы – ел тарихы» атты экскурсия ұйымдастырылды. Келесі күні экспедиция сапары Жылой өңірінде жалғасты. Аудандық «Атамұра» мұражайында жергілікті жәдігерлер таныстырылымы өтті. Осыдан кейін экспедиция мүшелері «Ақмешіт» кесенесіне қарай бет алды. Соңында «Алтын адам» табылған орын мен «Құлшан ата» бор күмбездері таныстырылды.

Саяхаттың үшінші күні Индер аудандық «Борат» мәдениет үйінде тарихшы ғалымдар, өлкетанушылар мен жергілікті ардагерлердің қатысуымен өткен келелі жиынға ұласты.

Сапардың соңғы күнінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Еркін Қадырғалиев бастаған атыраулық экспедиция құрамы Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданына барып, күнделік жазба кітабын аманат етіп тапсырды. Осыдан соң қос делегация Базаршолан ауылында болып, 1795-1797 жылдары Кіші жүздің ханы болған Есім хан Нұралыұлының басына орнатылған ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне қатысты.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

(Экспедиция сапары жөнінде толығырақ

газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар).

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button