Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Ұлт саулығы – мемлекеттің байлығы

Медициналық қызметтің сапасын жақсартып, оның тұрғындарға қолжетімділігін арттыру қашан да маңызды. Мемлекет басшысы алға қойған осынау тапсырманың облыс көлемінде орындалысы қандай? Бүгінге дейін атқарылған жұмыстар нәтижесі көңілге қонымды ма? Адам саулығын жақсартуда салада алға қойылған нендей жоспар бар? Осы және өзге де сауалдар аясында облыстық денсаулық сақтау басқармасынан алынған ақпараттарды ұсынамыз.

????????????????????????????????????

Емханадағы кезекті төмендету және персоналдың жүктемесін азайту үшін операциялық менеджмент енгізілуде. Жалпы практика дәрігеріне жүктемені азайту мақсатында жаңа учаскелер ашылып, олардың саны 268-ден 304-ке дейін жетті. Жыл соңына дейін бір жалпы практика дәрігеріне жоспар бойынша 1750 тұрғын болу үшін қосымша 20 учаске ашу жоспарланды. Ұлттық дәрі-дәрмек саясатын іске асыруда екі іс-шара қарастырылған. Барлық емханаларда тегін дәрі-дәрмектерді таратуда дәріханалар ашылып, медициналық ақпараттық жүйе енгізілді.

Цифрландыру – заман талабы

Облыстық жедел медициналық көмекті ұйымдастыруды орталықтандыру, мамандарды әлемдік стандарттар негізінде оқыту бойынша бағдарламалар енгізілді және қабылдау бөлімдері жаңа форматқа көшті.

Екі қалалық емханада сәби өлімін төмендету мақсатында универсалды-прогрессивті патронаждық қызмет моделі енгізілуде. 100-ден астам медицина қызметкерлері біліктілігін арттырды. Сонымен қатар, медициналық колледж және қалалық перзентхана жанынан материалдық-техникалық базасы жасақталған симуляциялық орталық ашылды. «Мен анамын», «Дәрігерге» мобильдік қосымшалары жұмыс істейді. Оны пайдаланушылардың саны – 15517 адам. Биыл «қағаз қолданбайтын аурухана» пилоттық жобасы жүзеге асырылып, электрондық денсаулық паспорты 100% енгізілді.

Сондай-ақ, Call-орталығы тәулік бойына ауыстырылып, биылдан бастап шағымдарға жауап беру уақытын жеделдету үшін «WhatsApp» әлеуметтік желісі қосылды. Call-орталықты нығайту мақсатында және тәулікті жұмысқа ауысу үшін жергілікті бюджеттен 8 млн. теңге көлемінде қаражат бөлініп,  толық игерілді.

Біліктіліктің берері мол

Шетелдік мамандарды тарта отырып, соның ішінде мастер-кластар өткізу арқылы науқастарды отандық клиникаларда емдеу мақсатында Оңтүстік Кореяның «Бунданг» көпбейінді ауруханасы мен «Планета KZ» ЖШС, облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасында Меморандумға қол қойылды. Төрт медициналық қызметкер Оңтүстік Кореядан тәжірибе алмасудан өтті.

????????????????????????????????????

«Жедел жәрдем» жайы

Жыл басынан бастап барлық емханаларда мобильді бригадалар құрылып, шұғыл медициналық көмек көрсету нәтижесінде кешігу уақыты 63%-ға дейін қысқарды. Облыстық «жедел жәрдем» стансасының жанынан бір подстанса пайдалануға берілді. Үш подстансасы бар, техникалық қызмет көрсету және көлік жуу бекетімен бір подстанса мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы салынуға құжаттар жасақталуда.

«Жедел жәрдем» көліктерін оңтайландыруға  жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы – 32,3 млн. теңге.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға бөлінген қаржы сомасы – 1,416 млн. теңге.

Биылғы он айда игерілгені – 91%.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шеңберінде 15 МСАК ұйымында «Ауруларды басқару» бағдарламасы енгізілді. Сондай-ақ, жіті ми қан бұзылысынан кейінгі артериялық гипертензия, қант диабеті бар науқастарды емдеу бойынша пилоттық жоба аяқталды. Бұл бағдарламамен диспансерлік науқастардың 11,3%-ы қамтылды.

Облыстағы өзекті мәселенің бірі  – туберкулезге қарсы екпеден бас тарту.

Бас тартқандар саны – 408.

Түсіндірме жұмыстарының әсерінен екпе салдырғандар – 64.

Туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейі – 20%-ға өсті.

Махамбет аудандық емханасының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.

Онкологиялық орталығы бар 400 төсектік көпбейінді  облыстық аурухана республика көлемінде іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына енгізілді.

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың басымды жоспарын орындау мақсатында облыстық кардиологиялық орталық пен онкологиялық диспансерді біріктіру жұмыстары басталды.

Облыстағы дәрігерлер саны – 1456.

Кадр жетіспеушілігі:

2017 жылы – 92,

2018 жылы – 50.

Биыл облысқа келген жас маман саны – 160.

Жеті жоспар:

Тұрғындардың денсаулығын нығайтуда жергілікті атқарушы органдардың рөлін арттыру;

Денсаулық сақтау жүйесінде көшбасшылықты және заманауи менеджментті дамыту;

Адами ресурстарды стратегиялық басқарудың нәтижелілігін іске асыру;

Денсаулық сақтау ұйымдарының желісін, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жетілдіру;

Медициналық техникаларды пайдаланудың тиімділігін айқындау;       

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде тұрғындарды дәрімен қамтамасыз етуді жалғастыру;

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін, сектораралық өзара іс-қимылды қалыптастыру.

Құрылысы салынып жатқан ғимараттар – 10.

Жыл соңына дейін пайдалануға берілетіні – 7.

Күрделі жөндеуді қажет ететін ғимараттар – 83.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесіне енген жобалар  – 4.

Облыста туберкулезді ерте анықтауға арналған құзыреттілік орталығын құру бойынша рентген жабдықтарын жеткізу жөнінде бір мемлекеттік- жекешелік жоба іске асырылуда. Аталған жоба құны – 1 106 707 000,0 теңге.

Биыл игерілгені – 403,0 млн.теңге.

 

Алтыншаш Құрмашева

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button