Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Құлсарыда теміржол вокзалы салынады

Теміржол вокзалы — әрбір қаланың келбеті, тыныс тіршілігін таныстыратын алғашқы аялдама. Өкінішке орай, Құлсары вокзалы мұндай талапқа сай емес. Ауданға іссапармен барған «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының өкілдері Құлсары вокзалының жай-күйімен танысты.

Screenshot_2

1966 жылы салынған вокзалдың тозығы жеткен. Аудан халқының санымен салыстырғанда тарлық етеді. Оның үстінде, халыққа да қолайлы емес. Әзірге Құлсары вокзалында касса және анықтама қызметін ғана көрсетіп отыр. Ал вокзал басшысы ғимараттың тарлығын өзге мәселелерге ешкім шағым түсірген жоқ дейді.

-Вокзал 1966 жылы салынып, 1977 жылы пайдалануға берілді. Енді наурыз айынан бастап, 500 орындық жаңа темір жол вокзалы бой көтереді, — дейді Құлсары вокзалының басшысы Беркін Зинелов.

Жаңа вокзалдың жобасымен аудандық сәулет және құрылыс бөлім қызметкерлері таныстырды. Алдағы уақытта жоспарланған құрылыс жұмыстарының сапасы аудандық және облыстық филалдың партияның бақылауында болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button