Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Құлсарыда 7 кәсіпкер 9 миллион теңге жеңіп алды

Жылыой аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, биыл облыстық бюджеттен ауданымызға жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін бес жобаға 9,0 млн.теңге көлемінде грант беріліпті.

dengi

Атап айтсақ, дара кәсіпкер Ө.Сахипов киім тігу (сыртқы киім) ательесін дамыту үшін, дара кәсіпкер Е.Умбетов жиһаз шығару цехына 3D сканер құралын сатып алу, дара кәсіпкер Р.Қожанов трикотажды қолғап тігу цехын ашу, дара кәсіпкер А.Қамысбаева қаңылтырмен дайындалатын бұйымдар өндірісіне құрал-жабдықтар сатып алу, дара кәсіпкер Ж.Мустафиева іс-қимылы аз адамдарды емдеу жобасына грант алған.

Аталған бөлім басшысы Қанат Мыңбаевтың айтуынша, кәсіпкерлер қазіргі таңда өз өндірістерін іске қосқалы отыр екен. Сонымен қатар бүгінгі күні өңіріміздің ірі мұнай өндіруші компаниясы «Теңізшевройл» ЖШС-мен әлеуметтік инвестициялар бағыты бойынша әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Жарқыра» бағдарламасымен 2017 жылы әлеуметтік салаға бағытталған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржыландыруға 18,0 млн. теңге қайтарымсыз грант бөлініп, оған аудан бойынша 2 жобаға 6,0 млн.теңгеге пайызсыз несие берілді. Грант иегерлері би үйрету мен мектепке дейінгі балаларды дайындық орталықтарын ашпақ.

Қайрат НҰРТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button