
ЖаңалықтарҚоғам
«Құлсары-Ақтау» тас жолында жүк көлігі өртенді
Жылыой ауданының аумағындағы «Құлсары-Ақтау» тас жолында жүк көлігі өртенді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Өрт 15 қараша күні, сағат 15:00-де «Құлсары-Ақтау» тас жолының 30-ыншы шақырымында болған. Салдарынан мемлекеттік номері 6105 ЕЕ 01 «ДАФ-105» маркалы жүк автокөлігінің қалқасы және тасымалындағы 45 түк мақтасы жанып кеткен.
Өрт сөндірушілердің көмегімен «тілсіз жау» 15:42 сағатта толық өшірілді. Оған жеке құрамдағы 4 адам және 1 бірлік техника жұмылдырылыпты.
Айдос Қарабала