Жарнама
Жаңалықтар

«Лотос фестивалі — 2025» мәдени-туристік шара ұйымдастырылады

«Лотос фестивалі — 2025» атты мәдени-туристік шара ұйымдастырылады

Құрманғазы ауданы Теңіз ауылында Лотос фестивалі өткізіледі. Мәдени-туристік маңызы бар бұл шара 2025 жылдың 26 шілдесінде басталады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ауқымды жоба аясында 15 киіз үй тігіліп, ұлттық өнер мен салт-дәстүрге негізделген концерттік бағдарламалар, театрландырылған қойылымдар, қолөнерге арналған шеберлік сабақтар, көрмелер мен ұлттық ойындар ұйымдастырылмақ.

Қазір Теңіз ауылынан лотос өсетін табиғи аймаққа бару үшін су көлігімен қатынайтын жағалауды абаттандыру жұмыстары қатар атқарылуда. Мемлекеттік сатып алу нәтижесінде мердігер анықталып, автокөлік пен қайық тұрағын салу, жарықтандыру және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ лотос гүлдерін көру үшін арнайы тамашалау алаңы орнатылды. Сала мамандарының айтуынша, бұл бастама өңір туризмін дамытуға және экологиялық танымдылықты арттыруға бағытталған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button