Жарнама
Жаңалықтар

Логистикада бағаның көтерілуі құрылыс жұмыстарына кедергі

Атырау облысының құрылыс саласында 2004 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан «БатысАльянсСтрой» ЖШС қазір 160-қа жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Компания темір бетон зауытын салуды ұйғарып, оны 2004 жылы іске қосты. Бүгінде мұнда 126 номенклатуралы өнім шығарылады.
Қазір 100 пайыз жұмыс жасап тұрған зауыттан шығарылатын өнімдердің сапасы да жоғары. Италиялық заманауи құрылғылармен қамтылған зауыт өнімдерін басқа да құрылыс компаниялары сатып алады. Мұнда арнайы зертхана бар, өндірілген әр өнім осы жерден тексеріліп шығады.

«БатысАльянсСтрой» ЖШС бас директоры Жаңабай Жұбановтың айтуынша, тұтынушылар арасында бүгінге дейін ешқандай шағым түспеген.
Айта кетер жайт, бүгінде зауытқа қажетті инертті материалдардың барлығы басқа облыстардан жеткізіледі. Осы тұста проблемалардың туындап тұрғаны рас.
–Теміржол, логистикада қиындық бар. Темір жол тарифтері жылына үш рет көтеріледі. Жуырда цементтің де бағасы жоғарылады. Сондықтан біздің өнімдеріміздің халыққа ұсынар бағасы да сәйкесінше көтеріліп тұр. Біз қолжетімді баға белгілегіміз-ақ келеді. Бірақ жаңағыдай мәселелер мүмкіндік туғызбай отыр, — дейді Ж.Жұбанов.
Айта кету керек, соңғы уақытта құрылыс компаниясы облыстағы әлеуметтік нысандар – мектеп, балабақша, аурухана, 9 қабатты тұрғын үйлерді салып жүр.
Қазір Атырау қаласының Алмалы ауылында 150 орындық оңалту орталығы мен Мәдениет үйін, Береке ауылынан 9 қабатты 72 пәтерлі үш үйді салу үстінде. Сондай-ақ Берекеде су сүзу станциясын қолға алып, оны іске қосу үшін күні-түні жұмыс жүргізілуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button