ЖаңалықтарҚоғам
Әлеуметтік желіде жауап бермек
Өңірдегі мемлекеттік органдар басшылары енді Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы халыққа есеп беруді көздеп отыр.
Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Серікжан Ерментаевтың айтуынша, тұрғындармен мұндай тікелей байланыс ақпан айында басталады деп күтілуде. «Мемлекеттік органдардың басшылары әлеуметтік желілердегі Атырау облысы әкімдігінің ресми парақшаларында тікелей эфирде апта сайын есеп береді. Бұл – уақыт талабы. Облыс тұрғындары Facebook немесе Instagram желілері арқылы сұрақтарын қоя алады, — дейді ол. –Мемлекеттік орган басшылары Live режимде барлық сұрақтарға жауап береді».