Әлеуметтік маңызды тауарлар төмендетілген бағамен сатылуда
Атырау өңірлік коммуникациялар қызметінде хабарланғандай, аймақта 2017-2018 жылдарды қамтитын маусымаралық кезеңге арналған əлеуметтік маңызы зор азық-түлік өнімдерін тұрақтандыру қоры жасақталып жатыр.
Көктемде «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы облыстағы екі шаруа қожалығымен 1000 тонна картоп жеткізу жөнінде форвардтық келісім-шартқа отырған болатын. Жеткізілім мерзімі биылдың 20 қарашасында аяқталады деп жоспарланған.
Биыл сақталатын көкөністер мен жемістерді жаңа егінге алмастыру жұмыстары жүргізілді. Бұл бағытта 30 тонна пияз, 120 тонна орамжапырақ, 102,5 тонна сəбіз жеткізілген. Тұрақтандыру қорындағы ауылшаруашылық тауарларының мөлшері 1252,5 тоннаны құрайды. Бүгінге дейін оның 478,2 тоннасы жеткізілді, оның ішінде 30 тонна жуа, 406,662 тонна картоп, 42,541 тонна қырыққабат бар. Қоймаға күн сайын тауар жеткізілу үстінде. Оған қосымша 220 тонна пияз сатып алу жоспарланған. Тұрақтандыру қорындағы жуа көлемі – 250 тонна.
Қазір бағаны тежеу бойынша жұмыстар басталып кетті. Əлеуметтік маңызды өнімдер бағасының көтерілуіне жол бермеу үшін «Атырау» ƏКК қаладағы супермаркеттер мен базарларда тауарлық интервенция жүріп жатыр. Соның ішінде: бірінші сұрыпты тауық жұмыртқасы – 19 теңге, картоптың келісі – 86 теңге және пияз – 80 теңге.
Көкөністер бағасына жүргізілген мониторингке сəйкес, қазір аймақта 1 келі картоптың орташа бағасы 115 теңге, сəбіз 120 теңге, жуа 90 теңге, ал, қырыққабат 100 теңгені құрайды.
Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі