Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарСаясатЭкономикаҚоғам

Әлеуметтік мәселелерді шешу — облыс әкімінің бақылауында (+ВИДЕО, ФОТО)

Әлеуметтік мәселелерді шешу Атырау облысы әкімінің бақылауындаАтырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жылыой ауданында көшпелі отырыс өткізді. Жиында әлеуметтік саланың мәселелері талқыланды, — деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

FB_IMG_1548262032504

Жиналыста білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары баяндама жасады. Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақкенже Исанбергенованың айтуынша, аймақта 325 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. 1-6 жас аралығындағы балалар саны – 62 696. Оның 75,3%-ы балабақшамен қамтылған.

-Негізгі проблема-балабақшаның аздығы. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының көпшілігінде бала саны нормадан көп. Мысалы, 2017 жылы 100 орынға 92 баладан келсе, 2018 жылы бұл көрсеткіш 109-ға өсті,-деді Ақкенже Исанбергенова. –Қазір облыс бойынша балабақша кезегінде 14 245 бала тұр.

Мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылмаған балалардың көбеюіне балабақшалардың аздығы, көші-қон процесі мен демографиялық ахуал себеп болып отыр.

Осы мәселені шешу үшін облыстық әкімдік тарапынан нақты жұмыстар атқарылуда. 2017 жылы өңірде 8 балабақша салынды. Өткен жылы тағы 5 балабақша пайдалануға берілді. Биыл 13 мектепке дейінгі ұйымның құрылысы жүріп жатыр. Осы жұмыстар 3000-ға жуық баланы балабақшамен қамтуға мүмкіндік береді.

-Облыс бойынша 14 мектеп үш ауысымда оқиды. Бұл мәселе де шешіліп жатыр. 2017 жылы 4 мектеп салынды, өткен жылы екі мектеп пайдалануға берілді. Апатты жағдайдағы бес мектеп проблема күйінде қалып отыр,-деп атап өтті Ақкенже Исанбергенова.

Құрманғазы ауданында 80 орындық мектеп құрылысы аяқталып келеді. Құлсарыда 300 орындық мектеп салынып жатыр. Атырау қаласында және Индер ауданында үш мектептің құрылысына қажет құжаттар жасақталуда.

Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын қамтамасыз ету үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен қажет қаражат бөлінеді. Соңғы үш жылда компьютерлендіруге, химия, физика, информатика, роботтехника кабинеттерін жабдықтауға, бейнебақылау жабдықтарын сатып алуға 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

-Білім беру саласындағы проблемаларды шешуге қажет қаражатты бөліп келеміз. Мемлекет басшысы айтқан бес әлеуметтік бастама осы міндеттерді шешуге бағытталған,-деді Нұрлан Ноғаев. –Жаңа мектептер мен балабақшалардың салынуы, кадрлармен қамтылуы, білім сапасын арттыру, білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік жағдайлары барлық деңгейдегі әкімдердің жіті бақылауларында болуы тиіс.

Көшпелі отырыста облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиеваның да баяндамасы тыңдалды. Өткен жылы жаңа медициналық нысандардың құрылысына, қажет медициналық жабдықтар алуға, кәсіби мамандар тартуға, жергілікті дәрігерлерді шетелдерде оқытуға 31,6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

-Осының нәтижесінде медициналық қызмет көрсету сапасы артты. Тұрғындардың жергілікті дәрігерлерге деген сенімі жоғарылады. Облыста бұрын-соңды болмаған операциялар жасай бастадық. Денсаулық сақтау саласында жаңа технологиялар енгізгеннен кейін қызмет көрсету проблемалары азайды,-деді Мәншүк Аймұрзиева.

Ана мен бала өліміне жіті көңіл бөлінеді. Облыстық білім беру басқармасымен бірлесіп болашақ аналарды скринингтен өткізу, емханалар жанынан аналар орталығын ашу жұмыстары жүргізілуде.

-Жаңа туған нәрестенің шетінеп кетуі қиын жағдай. Әр оқиғаға жеке дара қарау керек. Соңғы жылдары медициналық қызмет сапасы біраз жақсарды. Мыңдаған адамдар бұрын емделу үшін басқа өңірлерге баратын. Қазір барлық қажеттілікті Атыраудан да табуға болады. Денсаулық сақтау нысандары жабдықталды, мамандар бар. Алға қарай да дами беру керек,-деп атап өтті аймақ басшысы.

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ұлықбек Тінәлиев әлеуметтік көмек көрсету бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады. Бірінші кезекте – халықты жұмыспен қамтуды өзекті қылу. 2018 жылы 32 мың жаңа жұмыс орыны ашылды. Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс кең көлемде жүріп жатыр. Өткен жылдың өзінде 889 адам жұмыспен қамтылды. Қоғамдық нысандарды пандустармен қамту жайына да көңіл бөлінді.

-Мүмкіндігі шектеулі әр адам қоғамдық орындарға ешқандай қиындықсыз бара алатындай болуы керек. Өкінішке қарай, көп нысандар тиісті стандарттарға сәйкес келмейді. Арбамен жүру тұрмақ, жай өтудің өзі проблема-деді облыс әкімі. –Бұл негізінен кәсіпкерлік нысандары. Осы нысандардың иелерімен жұмыс жүргізілуі керек. Бұл үшін көп қаражат керек емес деп ойлаймын.

Аймақ басшысы аталған мәселені қарастыруды «Атамекен» ҰКП өкілдеріне тапсырды.

Көшпелі отырыс қортындысы бойынша облыс әкімі аймақтың әлеуметтік даму саласына қатысты нақты тапсырмалар берді.

FB_IMG_1548262040565

FB_IMG_1548262034570

FB_IMG_1548262036397

FB_IMG_1548262038802

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button