Жаңалықтар
Қырық бес жыл өткен соң…
Жуырда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде осы оқу орнын аяқтаған түлектердің 45 жылдан соң басқосуы болды. Кездесу қонақтары алдымен университет алдындағы ғалым-ұстаз Халел Досмұхамедов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Бұдан соң олар конференц-холлда кездесу жиынын жалғастырды. Алғашқы сөзді ұйымдастыру алқасы атынан 1971 жылғы түлектердің бірі, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Мұратбек Асанғалиев алды. Ол өзінің жүрекжарды сөзінде курстастарын мерейтоймен құттықтап, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарды қимастықпен еске алды.
Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.