!["Күшіміз – бірлікте" – жаңа мекен-жайда 1 5cad37ac af3d 487e a88a 85b117337ef2 scaled](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/04/5cad37ac-af3d-487e-a88a-85b117337ef2-scaled.jpeg)
Жаңалықтар
«Күшіміз – бірлікте» – жаңа мекен-жайда
Бұдан бұрын Атырау облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты «Күшіміз — бірлікте» акциясының негізінде ашылған арнайы пункт Жастар ресурстық орталығында болған еді. Бүгіннен бастап аталған пункт Атырау қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 79 («Салтанат сарайы» жанындағы көрме залы) мекен-жайына ауысты.
Жастар ресурстық орталығының басшысы Мансия Сағидоллаеваның айтуынша, тасқын судан зардап шеккен ауылдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек, гигиеналық құралдар жиналып жатыр.
-Сондай-ақ бөгет жұмысына көмектесіп жүрген еріктілерге күрек, топырақ салатын қапшық, қолғаптар керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, керек-жарақтарды қабылдау қызметі жалғаса береді, — деді орталық басшысы.
Майра ОРАЗҒАЛИЕВА