Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Күніне 10-15 мың өтінім: Жеке куәлігінің мерзімі өткендер жәрдемақы ала ала ма?

Аtr.kz/21 сәуір, 2020 жыл. Жеке куәлігінің мерзімі карантин кезінде өтіп кеткен азаматтар жәрдемақы тиесілі болған жағдайда тиісті орындарға өтінім бере алады.

Бұл туралы Жергілікті өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Атырау облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басшысы Алмагүл Шәтенова хабарлады.


«42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақы тиесілі санаттағы азаматтың жеке куәлігінің мерзімі карантин жарияланған кезде өтіп кеткен болса, мұндай жағдайда жәрдемақы тағайындалады.


Ал, карантинге дейін куәлік мерзімі өткендерге төлем төленбейді» деп атап өтті спикер.


Сондай ақ, Алмагүл Шәтенова қандай жағдайда әлеуметтік көмектің берілмейтініне түсінік берді.

«Мемлекет тарапынан тағайындалған жәрдемақы ұлттық басқару холдингі, ұлттық холдинг, ұлттық компания қызметкерлеріне төленбейді.

1 28

Сонымен бірге, Қазақстанда тұрмайтын азаматтарға, бірнеше жерде жұмыс жасап жүргендерге және соңғы бір жыл бойына ешқандай әлеуметтік төлем, зейнетақы төлемдері түспеген азаматтарға берілмейді.
Және карантин кезінде қайта жұмысқа шыққан азаматтарға немесе адам қайтыс болған жағдайда әлеуметтік төлем толықтай тоқтатылады» деп нақтылады спикер.


Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша әлеуметтік төлем бойынша бір күнде 10-15 мың өтінім қаралуда.
«Еске сала кетелік, күні бүгінге дейін Атырауда 107 340 адамға 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақы төленді» деп хабарлайды Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штабы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button