«Күлтегін» банкнотасы – айналымда
Atr.kz/20 қаңтар, 2020 жыл. «Күлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған 1000 теңгелік ескерткіш банкнотасы – заңды төлем құралы болып табылады және барлық төлем түрлері бойынша қабылдауға міндетті!
2013 жылғы «Күлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған 1000 теңгелік ескерткіш банкноты заңды төлем құралы болып табылады және айналыста болу мерзімі шектелмеген, бұл банкноттар айналыстан табиғи тозу шамасына қарай алынады.
Бұл банкнотты қабылдаудан бас тартқан кәсіпкерлік субъектілер мен коммерциялық емес ұйымдарға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 206 бабына сәйкес ескерту жасалады. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде мұндай жағдай қайталанса, 5-тен 25 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.
Осы банкнотты қабылдаудан бас тартылған жағдайда, тиісті шаралар қабылдау үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш жасау қажет. Бейнетіркелім жасауды не банкнотты қабылдаудан бас тартудың жазбаша негіздемесін талап етуді ұсынамыз.
Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тарту фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Атырау филиалы қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөліміне мекенжай бойынша Атырау қ., Уәлиханов көшесі, 2а немесе 8 (7122) 55-65-14 телефоны бойынша хабарлауға болады.