Құлсарыда кім мықты? (+ФОТО)
Аtr.kz/6 мамыр, 2019 жыл. Атырау облысында күштік экстримнен «Құлсары кубогі – 2019» ашық турнир өтті.
Жылыой ауданы Құлсары қаласында өткен жарысқа 12 спортшы қатысты, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Шара экстрималды спорт түрлері бойынша Батыс Қазақсатандық бодибилдинг, фитнес және күш қолданатын спорт түрлері федерациясы мен Жылыой ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті.
— Күштік экстрим бойынша ашық турнир ауданымызда алғаш рет ұйымдастырып отырмыз. Спорттық шара жастар жылы аясында өткізілуде. Басты мақсаты – жастарға әр түрлі спорт түрлерін тасныстыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Алдағы уақытта осындай спорттық жарыстар жалғасын табатын болады,- дейді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Фарида Ахметова.
Қатысушылар күштік экстримнің 4 кезеңі бойынша сынға түсті.
— Бұл спорт түрі ең мықтыларға арналған. Әр белесті бағындырып, мақсатыңа жеткен сайын өмірге деген құлшынысың арта түседі. Жастарға айтарым, уақытты босқа өткізбей, тиімді әрі пайдалы өткізуге тырысыңыздар,- дейді спортшы Бекарыс Ахетов.
Сондай-ақ, «Құлсары кубогі – 2019» атауымен алғаш өткізіліп тұрған күштік экстримнен Құлсары қаласының тұрғындарыда тыс қалмай, өздерінің бағын сынады. Шара соңында аудан әкімі Азамат Бекет күштік экстрим бойынша барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға алғыс білдіріп, жақсы нәтиже көрсеткен спортшыларды дипломдармен марапаттады.
Айта кетейік, жарыс жеңімпазы паурлифтинг,стронгмен және жатып сығымдау бойынша әлем чемпионы атыраулық Эдуард Қабдешов атанды.