
ЖаңалықтарСаясат
ҚР Президенті Владимир Зеленскийді сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Аtr.kz/22 сәуір, 2019 жыл. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийдің Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.
«Владимир Зеленскийге Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Украинаның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеп, жеделхат жолдадым», — деп жазады ҚР Президенті твиттердегі парақшасында.
Еске сала кетейік, сайлаудың соңғы қорытындысы бойынша Владимир Зеленский көш бастап тұр, оған тұрғындардың 73,04% дауыс берген. Ал Петр Порошенконы сайлаушылардың 24,61% жақтаған.