Жаңалықтар
Көздіқара тұрғындары мектепке эвакуацияланды
Қызылқоғаның Көздіқара ауылдық округінің тұрғындары Жаңашаруа орта мектебініне эвакуацияланып жатыр. Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлады.
Сонымен қатар, Ойыл бойындағы елді мекен тұрғындарына ауылдық округтерге көшіру жұмыстары жүргізілуде. Тайсойған ауылдық округінің 139 тұрғыны Атырау қаласы мен Миялы ауылындағы жақын туыстарының үйлеріне тасымалданды.
Айта кету керек, 31 наурызда Миялы ауылының 654 тұрғыны 3 эвакуациялық пункке көшірілді. Кешеден бастап қауіп сейілгеніне байланысты тұрғындар бүгін өз еріктерімен үйлеріне қайтты.