Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

«Ковидтік» үстемақы алынып тасталады. Енді қандай мамандар қосымша ақы алады?

Денсаулық сақтау министрлігі 1 қазаннан бастап коронавируспен күреске тартылған медицина қызметкерлеріне төленетін үстемақыны алып тастау туралы бұйрық жобасын жариялады.

Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды. Құжатқа сәйкес, пандемия кезінде қауіпті топтарда жұмыс істеген дәрігерлердің жалақысынан 1 қазаннан бастап үстемақы алып тасталуы керек. 1 қазаннан бастап қосымша төленетін ақыларды 50 пайызға қысқарта отырып, кезең-кезеңімен алып тастау көзделіп отыр.

«2021 жылдың 1 ақпанынан бастап халықты және денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерін жаппай вакциналау басталды. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Осылайша, ерекше және зияны тиетін еңбек жағдайларында медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерін қолдау шараларына көшу мақсатында үстемақылар мөлшерін кезең-кезеңімен төмендету ұсынылады», — делінген бұйрық түсіндірмесінде.

Үстемеақылар 1 тамыздан бастап санаттар бойынша ең төменгі жалақы мөлшеріне еселік мөлшерде төмендетіледі (ЕТЖМ — 42 500 теңге).

  • бірінші тәуекел тобы — 20-дан 10 ЕТЖМ-ға дейін;
  • екінші тәуекел тобы — 10-нан 5 ЕТЖМ-ға дейін;
  • үшінші тәуекел тобы — 5-тен 2,5 ЕТЖМ-ға дейін.

1 қазаннан бастап күші жойылған жәрдемақылардың орнына арнайы психоэмоционалдық және зияны тиетін еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін тұрақты қосымша ақылар ұсынылады. Оған үміткер дәрігерлер санаты:

  • реаниматолог-анестезиолог дәрігерлер,
  • инфекционисттер,
  • реаниматология және анестезиология бөлімшелерінің анестезистері,
  • эпидемиологтар,
  • алғашқы медициналық-санитарлық көмек психологтары мен әлеуметтік қызметкерлері,
  • ядролық медицина орталығының қызметкерлері,
  • дәрігерлер-патологоанатомдар.

Айта кетейік, Президент 10 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында пандемиямен күресетін дәрігерлерге берілетін жәрдемақы біртіндеп қолдау және ынталандырудың жүйелі шараларымен алмастырылуы керек деп мәлімдеген болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button