Жарнама
Жаңалықтар

Көші-қон заңын бұзғандар ұсталды

Атырау облысында «Заңсыз келуші-2024» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 414 құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараның мақсаты – заңсыз көші-қонның алдын алу және көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтау. Белгілі болған құқық бұзушылықтар арасында Қазақстаннан кету туралы сот шешімін орындамаған 160 шетелдік, визалық талаптарды бұзған 147 адам және шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартудың 20 дерегі бар. Сонымен қатар, көші-қон заңнамасын қайталап бұзған екі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button