Жаңалықтар
Көрші облыстан келетін су баяулады
Батыс Қазақстан облысы жағынан келетін су азайып келеді. Бүгін 11 сәуір күні Индербор кентіндегі су деңгейі — 21 см, Махамбет гидропостында — 37 см, ал Атырау қаласында гидро бекетте 27 сантиметрге көтеріліпті.
Бұл — алдыңғы күндерге қарағанда төмен көрсеткіш. Ал Иректі су қоймасынан жіберілетін су қарқыны секундына 902 текше метрге азайған.
Қиғаш-Шортанбай гидропостында бір тәулікте — 9 см, ал Жем өзенінің деңгейі 8 сантиметрге төмендеген.
Малика ТӘКЕЖАНОВА