Коронавирусты емдеу алгоритміне кімдер оқытылады?

200615183053649a3661997i COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/1 шілде, 2020 жыл. Атырау облысында 4 мыңға жуық медицина қызметкері коронавирусты емдеу алгоритміне оқытылады.

Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Облыстың бас дәрігерінің айтуынша, бүгінде аймақта  4 мыңға жуық  дәрігер жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта олар Covid-19 жұқтырған науқастарды емдеу, орналастыру бойынша арнайы оқытылуда.  Дәрігерлердің көпшілігі коронавируспен күресу үшін стационарларда еңбек ететін болады.

– Өкінішке орай, пандемия басталғалы бері облыста  115 дәрігер коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде 38-і дәрігер, қалғаны орта және кіші буын медицина қызметкерлері. Денсаулықтары жақсарған соң, олар өздерінің негізгі міндеттеріне, яғни адамдардың өмірін сақтауға  қайтадан кіріседі, – деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Сонымен қатар, өңірдің бас дәрігері медицина қызметкерлерінің ерен еңбегін бағалауымыз керек, – деді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта медициналық колледждің жоғарғы курс студенттерін карантиндік және провизорлық стационарларға еріктілер ретінде тарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

– Егер, келісім негізінде жұмыс істегісі келсе, олар ерікті ретінде тартылады, сәйкесінше,  жалақы да төленеді. Медициналық колледждің жоғары курс студенттері дәрігерлерге инъекция жасауға, дене қызуын, қысымын өлшеуге, науқастарға  дәрі-дәрмек беруге көмектеседі, – деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз